Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  155


Автор: Еркін Оралбайұлы

ҚАДІР ТҮНІ

 


 


Мың күннен де қасиетті- қадір түні,


Қадірлі ғой рамазанның əрбір күні.


Мұсылмандар жеңісі ғасырларға,


Жеткен екен ұлы шайқас бəдір үні.


 


Қадір түнін өткіземіз дұға жасап,


Берер түн бұл байға тəубə, құлға ынсап.


Құлшылық ет осы түнде, намаз оқы,


Тегін келер сауаптарды тұрма тұсап.


 


Оқы құран салауатпен пайғамбарға,


Сауап алсаң одан асар пайдаң бар ма?


Періштелер жер бетіне түседі екен,


Осы түні, қараңғы көз байлағанда.


 


Мұсылманға мәңгі орын бейіштен бер,


Деп сен үшін дұға жасар періштелер.


Сыйынып бір Аллаға таңды аттырсаң,


Жүрекке нұр, иман- сауап тегіс келер.


 


Қасиетін қадір түннің көбі білмей,


Күткен жандар түсіне алар көзін ілмей.


Осы түні Алла бəрін кешіреді,


Көп күнəңді көк теңіздің көбігіндей.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу