Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
117
МҰҚАҒАЛИҒА
"Бүгін сенің туған күнің ой, бәле-ай!"
Жатыр деме халқым неге тойламай.
Сүйіп оқып жүрген әсем жырыңды,
Ұрпағыңа келсін ондай, ой қалай?
Поэзия бұлбұлысың шыншыл-ақ,
Жүрегіңнен жыр төгілген сусылдап.
Сен өлгенмен ұмыттырмас атыңды,
Өскен ұрпақ жырларыңа сусындап.
Тәңіріңнен ақындықты сыйға алып,
Қазағымның алтыны едің құйма анық.
Тастамадың қолыңнан қыл қаламды,
Тағдыр шалып жүрсең дағы қиналып.
* * * *
Өлеңде мұң сезіліп түпкі үніңнен,
Жыр туып жүрегіңнің түкпірінен.
Нәр алып лирикаңнан талай ғашық,
Арылды жүрек қысқан көп кірінен.
Атаққа мақсаты ақын емес жету,
Қарсы жүріп тағдырға егес ету.
Қазаққа елестету мүмкін емес,
Сенсіз қазақ поэзиясын елестету.
Еркін Оралбайұлы 9.02.2019
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇