Өлеңдер ✍️
СЕНІ АҢСАДЫМ
Тағдыр өзі осындай жалған, сұм ба?
Бұл өмірден күткенім алда мұң ба?
Сағым қуып далада жүргендеймін,
Адастырып жолымды алғанмын ба?
Қателесіп жүрегім таңдадың ба?
Пәк көңілді қаралап алдадың ба?
Жүректегі сезімді саған деген?
Жүрегіңе жеткізе алмадым ба?
Кетпей қойды неліктен күмəн менен?
Күмəндану көз жетпей күнə деген.
Қызғаныштан көздерім соқыр болып,
Сезіміңді сезбеген кінə менен.
Қызғанышпен махаббат егіз бе едің?
Сүйгенім бе тынымсыз неге іздедім?
Жүрек сыздап қаншама қиналсам да,
Саған деген сезімді мен үзбедім.
Жүректерді тағдыр ма қосақтаған?
Билеп алса бұл сезім босатпаған.
Бергендей ме, қу тағдыр қиналсын деп?
Арманымды сағымнан жасап маған.
Өшіруге сезімді қиясың ба?
Бұл дүниеге сезімсіз сыясың ба?
Сенделді ме адасып, əлде, сезім,
Қарлығаштай кеш келген ұясына.
Еркін Оралбайұлы 1/02/2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇