Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  146


Автор: Еркін Оралбайұлы

БӨТЕН БАҚША АЛМАСЫНА

 


 


Тірелгендей жол таппай жар басына,


Тағдыр салып бұра тартар арбасына.


Пайда болған бір сезім жанды қинап,


Тау суындай сыймай аққан арнасына.


 


Арман озып сабырымнан алға шыға,


Жүрек сыймай көкіректе аласұра.


Мазасыз бір күй кешкенмін, жас балаша,


Көзі түскен бөтен бақша алмасына.


 


Арбалғандай оқ жыланның ордасына,


Жүрегіме қалай айтам торда шыда.


Аласұрып сол жүрек бұлқынғанды,


Алмай жүрген арыстандай ордан шыға.


 


Келсе бақыт ілесе ме сор қасына?


Мінгескендей қуаныштың жорғасына.


Шын сезімнің жүрегіме сіңгені анық,


Өздігінен ери қоймас қорғасында.


 


Іліктім бе, бұл тағдырдың шалмасына?


Әлде бұл мұң, бақытымның жалғасы ма?


Сол бір бақыт неге менен алшақтайды,


Оңнан келер біреулерудің жамбасына.


 


Еркін Оралбайұлы 28.08.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу