Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
169
БАҒЫМ БА, ӘЛДЕ?
Медеу болмас елестеген сағым жанға,
Ойға батып, қиял кезіп сабылғанда.
Кең дүние тарылып кеткендей ме?
Алыстағы ғашығыңды сағынған да?
Ымырт түсіп, түнгі шамдар жағылғанда,
Шыдай алмай сынып сағың шағылғанда.
Оймен кезгем қою қара түн қойнауын,
Жеке жортқан көк бөрідей шағылдарда.
Кедергі көп аяқ асты шалынарда,
Таба алмассың түзу сөзді жалынарда.
Сүйгеніңді ойлаудан бір жалықпассың,
Ішті өртеген жүрегіңде жалын барда.
Түндер ұзақ сүйгеніңді ойлағанда,
Кірпік ілмей қалың ойға бойлағанда.
Ұмытуға тырыссам да, ойдан кетпес,
Тағдырымды сұлу қызға байлаған ба?
Мазалайды түртпектеп жанымды əрне,
Ұялатып кейде жанды жағымды əнге.
Кештеу келген бұл сезім жанды қинап,
Адастырар сорым ба екен, бағым ба əлде?
Еркін Оралбайұлы 20.05.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇