Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  73


Автор: Еркін Оралбайұлы

СЕНЕМІН

 


 


Жасымнан бірге өскен досқа сенем,


Жолдассыз өмір өтер босқа деген.


Қуаныш-қиындықта бірге болар,


Досыңсыз мақтанасың басқа немен.


 


Жанары жалындаған жасқа сенем,


Ер жүрек болса егер қасқа, ерен.


Ақылмен күш жұмсаса еңбек етіп,


Өсірер ондай жастар тасқа емен.


 


Ғасырға куə болған тасқа сенем,


Біздердей бар ма екен таста шемен?


Мұжылмас қара тастай қатты болғын,


Бағынбас осал болсаң басқа денең.


 


Қабылдар бәрімізді жерге сенем,


Айналар топыраққа жерде денем.


Өмірдің айдынында жүзіп болып,


Ұғарсың тоқтағанда жерге "кемең".


 


Аспанда шуақ төккен күнге сенем,


Бастырып қараңғылық түнде сөнген.


Көңілде қараңғымен бір жаман ой,


Түнеріп қара бұлттай күнде төнген.


 


Өмірде сенім болса көңілің қош,


Сенімсіз өтіп кетер өмірің бос.


Адал бол таза жүріп, сұрағы бар,


Алладан бір күн келер əмірін тос.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу