Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
71
БОСҚА ҚҰР КЕП
Жан дүние жамандық, ласқа кірлеп,
Бұл өмірден кетпейік босқа құр кеп.
Мал бітті деп, кеудені кере бермей,
Көрсетейік жаны ашыр досқа құрмет.
Сөз ермесін артыңнан босқа жүр деп,
Жел сияқты ысқырған тасқа үрлеп.
Он ойланып айтатын сөзің болсын,
Сыбағадай қосатын асқа сүрлеп.
Дос қуантып, ренжітер қас та күндеп,
Шайтан билеп санаңды саспа жүр деп.
Ойлап сөйле әр сөзді, қазақ айтқан,
Пәле ол.
Қызыл тіл мен баста тұр деп.
Жолдан тайма адалдық, ұста шіреп,
Сән кетпесін, ақ қардай қыста кірлеп.
Сабыр түбі сары алтын, шыдамды бол,
Келмей жатса байлауға қысқа күрмек.
Ешкім айтпас өмірді наспен құр деп,
Кешіре біл, ренжітсе қас пен құл кеп.
Ұлы сөз бар ешкімге кек сақтама,
"Таспен ұрған адамды аспен ұр" деп.
Еркін Оралбайұлы 24.10.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇