Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
257
КЕНШІ КҮНІ
Құтты болсын мерекесі кеншілердің,
Еңбегі ерен батырлары кенші елдің.
Қиындық пен қызығы қатар жүрер,
Мәртебелі мамандықты еншіледің.
Іздеп тауып, жер астының қазынасын,
Майлап жүр отанының қанжығасын.
Оңайлыққа түспесе де жұмыстары,
Ширай түссін, жігіттерім қажымасын.
Оңай жұмыс емес бұлар түсінгенге,
Қол емес бұл жалқаулар мен ісі кемге.
Шыдайды тек еңбек сүйер адам ғана,
Жай кісінің бата қоймас тісі кенге.
Қопарғаны асыл тастар, жердегі кен,
Бұрынғының батырына еңбегі тең.
Жер астында терін төгіп үлес қосқан,
Өркендеуге еліміздің еңбегімен.
Жалықпайды атап өтер тойдан елі,
Адал ақса жігіттердің бойдан тері.
Қиындыққа ешқашанда мойымаған,
Бұл кеншілер қазіргінің майдангері.
Еркін Оралбайұлы 13.08.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇