Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  404


Автор: Жібек Ысқақова

ҰМЫТЫЛМАС БАТЫР ҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ!

Рақымжан Қошқарбаев батыр ерім,
Сенің өмір жолыңа жақын елің.
Жеңіс туын орнаттың Рейхстагқа,
Ел есінде мәңгілік атың сенің!
Арғын, Темеш руының оғланысың
Батылдықтың айнымас қорғанысың.
Ерлігіңіз өнеге жастарға көп,
Батылдыққа бастайтын толғанысың!
Ұлы Отан шайқасында ерледің,
Ұлттық рухты құлауға жол бермедің.
Бірінші боп жеттің Гитлер үйіне,
Мұның өзі, деп білемін «жеңгенің!»
Осы біздің Рақымжандай атамыз,
Тарихтарда бейнеленген аты аңыз.
Ержүрек жан, «Қаһарманы халықтың»,
Атамыздың бізге жазған хаты аңыз!
Жүз жылдығы биыл ашты есігін,
Тербеп самал бір ғасырлық бесігін!
Көтереді Халқы бірге әспеттеп,
Қошқарбаев Рақымжанның есімін!
Қыраны еді биік ұшқан даламда,
Ұланы еді танылған бар ғаламға.
Ұмытылмас батыр ұлы Қазақтың,
Өмір сүрер жүрегім мен санамда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу