Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
685
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАҚСЫЛАР!
Қайырлы таң жақсыларым, жайсаңым,
Сіздерге деп бар жақсыны айтамын.
Бүгінгі күн толы болып шаттыққа,
Тыныш болсын туған елім, байтағым!
Қайырлы таң игі жандар көктемдей,
Дем беретін бір-біріне өткелдей.
Әр күніңіз бақытына бөлесін,
Күннің нұры бар жылуын төккендей!
Қайырлы таң туған-туыс, бауырлар,
Сұлу қалам, туған жерім, ауылдар!
Таңмен бірге оянайық жараса,
Қазақ елі, Асқар ала тауым бар!
25.11.2024 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇