Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
153
ЖЫР — ТҰЛПАРЫМ
Шабысындай шабады өлең жылқының,
Шабыт қамшы алдырмайды бір тыным.
Өлең жазам ұйқасымен боратып,
Көз алдыма әкеп жылқы дүркірін.
Жорғалатып сұлу сазды өлеңмен,
Құнан жырым үн қатады тереңнен.
Екі арнаны тоғыстырып бір жерге,
Жылқылардың шабысына ерем мен.
Жырымменен жылқы жайын бейнелеп,
Шабыт толқын бара жатыр күймелеп.
Тұлпарлардың қиқуына үн қосқан,
Өлеңдерім бәйге атындай сый демек.
Шабыт жырым кісінескен жылқыдай,
Көңіл-күйім өрекпейді тыншымай.
Жүйрік болып шабандамай шабысы,
Алға шығар пана болса бір Құдай.
Асау жырым бәйге алар арқырап,
Жыр — тұлпарым болады әлі арғымақ.
Жүйіткіген желмен бірге жарысып,
Оза шабар бақ жұлдызы жарқырап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇