Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
129
СӘУЛЕЛІ БҰЛ ӨМІРІМ
Сәулелі бұл өмірім,
Балдай тәтті қараңыз.
Жоғары бұл көңілім,
Келсе-дағы қара күз...!
Сәулелі бұл өмірім,
Әр күннен бақ табамын.
Жоғалмайды сенімім,
Күннен қуат аламын...!
Сәулелі бұл өмірім,
Көктемдей боп құлпырам.
Өлеңім жан серігім,
Айналамды жыр қылам.
Сәулелі бұл өмірім,
Жайнап шығам жаздайын.
Айдын шалқар көлімін,
Аққуы бар, қаздайын.
Сәулелі бұл өмірім,
Ақ ұлпа қар қысындай.
Ақ жүректің төрімін,
Үн қатыңыз қысылмай.
Сәулелі бұл өмірім,
Қазақстан мекенім.
Игі істердің кенімін,
Елге қызмет етемін.
Сәулелі бұл өмірім,
Адалдыққа бастайтын.
Сыйластықтың кеңімін,
Үмітіңді ақтайтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter