Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  523


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАРТТАРЫМ АМАН-САУ ЖҮРШІ

Қариялар — дария,
Дархан көңіл өлшемі.
Қарттарым аман-саумысың?
Құрметтейді ел сені.
Өздеріңіз деп білем,
Көшбасшысы қаламның!
Қарттарым аман-саумысың?
Бөлшегі кең даламның!
Құдырет күш иесі,
Жаны жомарт, еңселі.
Қарттарым аман-саумысың?
Биік ұстар еңсені!
Өтіп жатыр сіздермен,
Балғын бала шақтарым!
Қарттарым аман-саумысың?
Сіздерсіздер мақтаным?!
Үйіміздің тірегі,
Ақ батасын беретін.
Қарттарым аман —саумысың?
Игі істерге еретін!
Сіздерменен шуақты,
Ашылады аспаным!
Қарттарым аман-сау жүрші,
Аман болып бастарың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу