Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  4124


Автор: Жібек Ысқақова

АНА ДЕГЕН — АСЫЛ ЖАН

Ана деген — асыл жан,
Табылатын қасыңнан.
Жан бар ма екен анадай,
Мерейіңді асырған?!
Ана деген — асыл жан,
Қиындығын жасырған.
«Жастығым сен, балам» —деп,
Иіскейтін басыңнан...
Ана деген — асыл жан,
Кезі болмас тасынған.
Алақаны аялы,
Менмендікті қашырған.
Ана деген — асыл жан,
Іс жасайтын тосыннан.
Баласының жай-күйін,
Білер көңіл қошынан...
Ана деген — асыл жан,
Артық барлық досыңнан.
«Балам аман болсын» — деп,
Дұға жасар осы жан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу