Өлеңдер ✍️
МЕН — ҚАЗАҚ
Мен — Қазақ, жаным — қазақ, қаным — қазақ,
Арайланып ататын таңым қазақ.
Табиғаты елімнің баурап алар,
Алты Алашым жайдарлы барым қазақ!
Мен — Қазақ, оттай болып жалындаймын,
Сындарына өмірдің бағынбаймын.
Жері үшін, ел үшін жанын берер,
Ата-баба ізінен жаңылмаймын!
Мен — Қазақ, мақтанамын «қазақпын» деп,
«Бейбіт елмін, тәуелсіз азатпын» деп.
Сүйгенім — қазақ жері, қазақ елі,
Айта аламын сеніммен «ғажаппын» деп!
Мен — Қазақ, Қазақстан жүрегім сен,
Сен деп өмір сүремін біле білсең.
Туған жерім мекенім — Қазақстан,
Сенің арқаң шаттана күле білсем...!
Мен — Қазақ, ана тілім, тілім — қазақ,
Әлдилеген сәбиді үнім — қазақ!
Әуелетіп шырқалар әнім менен,
Жүрегімнен шығатын жырым — қазақ!.
Мен — Қазақ, ен даланың ұланымын,
Биік самғар қанатты қыранымын!
Жазиралы мекенім — Қазақстан,
Баурап алар мөп-мөлдір бұлағымын!
Мен — Қазақ, Ер түріктің есімімін,
Тербетілер әуенді бесігімін!
Ананың ақ сүтімен жігерленіп,
Жеті өлшеп, бір кесер шешімімін!
Мен — Қазақ, мен Қазақтың баласымын,
Табатұғын әр істің жарасымын!
Сыйластық пен бірлікті арқау етер,
Мен — Қазақпын құрметтер бар асылын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇