Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  121


Автор: Жібек Ысқақова

КҮЗ КЕЛДІ

Күз келді
Күз келді, сұлу Қыз келді.
Киініп сары киімін,
Тамсантты тағы біздерді.
Күз келді
Күз келді салқын сыз берді.
Бейнесін қыздың салғандай,
Жаңалап салды іздерді.
 Күз келді
Күз келді шарлап ізгі елді.
Қара суығы басталып,
Қарыды сұлу жүздерді.
Күз келді
Күз келді тағы Қыз келді.
Жанына батып жалғыздық,
Амалсыз тағы күзге ерді.
Күз келді,
Түсінеді кім, Қызды енді.
Күздегі жауар нөсердей,
Көрсетті қайта Қыз белгі.
Күз келді
Көктемнің күні із берді.
Өзіне қарай шақырып,
Шырақты үміт бізге енді.
Күз айы
Уайымға салар ұдайы.
Қарама-қарсы көктеммен,
Мінезін берер шынайы...
Қыз енді
Көктемін күтіп жүр енді.
Жайқалған көктем гүлімен,
Қарсы жағада тұр енді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу