Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  179


Автор: Жібек Ысқақова

АППАҚ СЕНІМ, АҚ КӨҢІЛ

Аппақ көңіл, ақ арман алып ұшқан,
Аппақ бұлттың арасын жарып ұшқан.
Пәк сеніммен жүрегім үн қатады,
Сәттері көп болса да жаңылысқан.
Өшіреді кірбіңді көңілдегі,
Бар қызығын сезініп өмірдегі.
Биіктерге ұшырар қанат байлап,
Ақ көңілді, ақ арман сенімдері…
Дауылына қарамас бұл өмірдің,
Биік ұстап өзіне бұл сенімін.
Көктемдейін құлпырар, тамыр жайып,
Жалғастырып жайқалған гүлді өмірін.
Күш береді бойына сенім шырақ,
Тұрса-дағы, күледі, іштей жылап.
Ең бақытты жандарша өмір сүрер,
Бірді бірге, екіні күштей құрап…
Аппақ менің өмірім, сары уайым жоқ,
Ұмтылысым, тек алға, әрдайым көп.
Еңбек етем бойымда жаным барда,
Отырмаймын дегендей: «жағдайым жоқ»
Аппақ сенім, ақ көңіл, шыншылдығым,
Алға қарай жетелер шыншыл күнім.
Аппақ адал жолыңнан адастырма,
Жаратқаным берсең де өмір сынын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу