Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  112


Автор: Жібек Ысқақова

ҚҰРБАН АЙТЫМЫЗ

Күн шықпай ерте, оқылар намаз,
Құрбандық шалып еліміз дүркін.
Қабыл болсыншы, дұғамыз-тілек,
Құрбан айтымыз кеп қалды бүгін.
Құрбан айтымыз есігін ашты,
Құран оқытар мұсылман жандар.
Қабыл болсыншы ниетің бүгін,
Иманға қолын ұсынған жандар!
Ниет қып біздер Алла алдында,
Жасаймыз істі шын жүрекпенен.
Қабыл болсыншы, Құрбан айтымыз,
Алланың үнін білдіріп келген.
Көңілдің күйін жықпайық бүгін,
Шүкіршілік пен тәубені сақтап.
Құтты болсыншы, Құрбан айтымыз,
Тілеймін барша жандарға жақсы ат.
Болса да сынақ өмірде небір,
Сабырлық болсын жүректе дәйім.
Жетейік, Айттан келер біз, Айтқа,
Оңынан туып Күн менен Айым!
Еске алып бүгін дұға жасалар,
Жақын жандарға өмірден өткен!
Жатқан жерлері жайлы, болсыншы,
Жандарын Жәннат төрінен еткен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу