Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
358
«АЛТЫН ҰЯ — МЕКТЕБІМ»
Алтын ұя — мектебім, құт мекенім,
Білім нәрі білемін, сенде екенін.
Бүгін қайта оралдым сағынышпен,
Әнімменен әлдилеп, тербетемін!
Алтын ұя—мектебім, балалық шақ,
Мені үйреткен өзіңсің қалам ұстап.
Басымды иіп айтамын алғысымды,
Жүрсем деп ем Ұстазым саған ұқсап…
Алтын ұя — мектебім, баға жетпес,
Сенде өткізген шақтарым естен кетпес.
Жаңа өмірге бастырған қадамымды,
Тіл жеткізе мақтасам артық етпес.
Мақтанышым мектебім, алтын ұям,
Ұмытпаймын кетсемде сенен қиян…
Жиырма жыл да өтіпті сағым болып,
Деп жүргенде мектепті, қалай қиям?!
Болғанменен алдымда қандай жорық,
Қуанамын өзіңе көңілім толып.
Алтын ұя — мектебім сенен ұшып,
Мен өзіңе оралдым ақын болып…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇