Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  254


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАДІРЛЕЙІК НАНДЫ БІЗ!

Ас атасы нан барда дастарханда,
Көңіліміз жай біздің өміріміз.
Нан бар жерде ән де бар көтеріңкі,
Өзімізге жоғалмас сеніміміз.
Өткен күнге көз салсақ қиығымен,
Күндер өтті емес пе, талай мұңды.
Қаншама адам күн кешті аш құрсақ боп,
Іштеріне жасырып талай сырды.
 Өткен қилы ашаршылық күндер бар,
Бұрындары қиын еді-ау күніміз.
Ішерге ас таба алмайтын, жеуге нан,
Бүгін қалай ұмытамыз мұны біз?!
Шүкір Алла нанымыз бар бүгінде,
Бірақ оның қадірі жоқ, шашамыз.
Жерде жатқан нанды алмай көтеріп,
Таптап өтіп, аяқпенен басамыз.
Шындығы осы, нанды жаншып өтетін,
Кезіміз бар байқаусызда нан басар.
Жерде жатқан нан қиқымы көрінбей,
Бұл қателік тағы да көп жалғасар.
Бір адамдар көріп тұрып алмайды,
Нан қиқымын жерде жатқан жаншылып.
Оу адамдар, аялайық нанды біз,
Атсын десек шуақ шашып, таң күліп.
Байқасаңыз қоқыстарда нан жатар,
Қатып-сеңіп, аяқ асты езіліп.
Айналаңда нан шашылып жатқанда,
Көрдіңіз бе, ысырапты сезініп?!
Үлкендерге қарап өсер балалар,
Кішілерге үлгі болып жүрейік.
Нан қиқымын қоқыстарға тастамай,
Ең бірінші біз қадірін білейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу