Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
702
ҚАЗАҚ ӘНІ
Қазақ әні жан тербеп,
Бір ғажайып күй берер.
Ән қанатын жайғанда,
Бүкіл әлем тербелер.
Ұйып тыңдар таулар да,
Кереметі байқалып.
Табиғат та үн қосар,
Жасыл желек жайқалып.
Сыңғырлайды бұлақ та,
Мөлдір, таза үнімен.
Себелейді ақ жауын,
Әуенді ырғақ ізімен.
Осы Қазақ әні деп,
Шуақ шашар күніміз.
Жымың қағып жұлдыздар,
Жарқырайды түніміз!
Бойға еніп сазды әуен,
Жанымызды емдейді.
Қиын сәтте демеу боп,
Құлауға жол бермейді.
Шырқала түс тоқтамай,
Ән ұштасып өлеңмен.
Тамыр жайсын жандана,
Қазақ әні тереңнен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇