Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.12.2024
226
Теміртауым дегенде, Теміртауым
Теміртауым дегенде, Теміртауым,
Туған жерім, мекенім бір өзің сен.
Қойнауыңда байлығың бар танымал,
Теміртауым ата-баба көзі сен.
Теміртауым дегенде, Теміртауым,
Сенде туып қуанам өскеніме.
Қысың қандай керемет, ақ қарыңмен,
Еркелеп мен жетемін көктеміме.
Теміртауым дегенде Теміртауым,
Бақытым сен әрдайым бағым өзің.
Кешім батар қызарып, баурап дәйім,
Теміртауым жүрегім, жаным өзің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇