Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.12.2024
259
*****
Өлеңімді өзім үшін жазамын
Өз өзімді солай ғана басамын
Жазып жатқан кішкентай шабытымды
Сыртқа емес өз өзіме ашамын
Арасында шабытым ашылады
Ол тезірек дәптерге асығады
Жазып қойсам іштегі шабытымды
Жүректегі уайымым басылады
Сыртқа жаймай жазамын өлеңімді
Мен жазатын өлеңдер өте мұңды
Өзімді ғана басу үшін жазайын
Ішімдегі азғантай өнерімді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇