Шығармалар ✍️
Қаскелеңім туған жерім
Мен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында өмірге келдім. Яғни Қаскелең қаласының тумасы боламын. Өмір есігін шыр етіп ашқаннан бері Қаскелеңнің ауасымен тыныстап, Қаскелеңнің қара топырағына алғаш рет табаным тигені, сол топырақтан бойыма қуат алғаным менің өмірдегі ерекше ғажап сәтім деп білемін.
Қаскелең қаласында туылып, осы қаланың тумасы атанудың өзі бір бақыт қой, солай емес пе?! Туған жердің ауасы ыстық, солай емес пе? Туған жерден сәл алысқа шықсаң сағынасың, туған жерді аңсайсың. Менде де солай, Қаскелең қаласынан сәл алысқа шықсам бір нәрсем кем сияқты Қаскелеңге қайтқым келіп тұрады. Қаскелеңімнің қазіргі таңда экономикасы жақсы дамып келе жатқан қалалардың бірі. Күн мен ай, жыл өткен сайын етегін кеңге жайып, қанаттары қатайып, биіктерге ұшуға жол тауып жатқандай. Қаншама үйлер салынып, Қаскелеңімнің халық саны көбеюде. Мен әрине бұған қуанамын. Туған қалам Қаскелеңімде бәрі жақсы болса менде де бәрі жақсы болып, шад шадыман күйде боламын.
Туған қалам, туған жерім Қаскелеңім! Алға қарай өсе бер, өне бер! Сенімен бірге біз де өсіп, жетілеміз! Туған жерім, Қаскелеңім! Мерейің үстем болып, қазақ тілімнің мәртебесі биік болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇