Эсселер ✍️

  26.12.2024
  426


Автор: Қаскелең қаласы

Қаскелеңге қараңыз

Тарихы бар көз тартар, Қаскелеңге қараңыз. Қаскелең десеңіз, Қаскелең деген қаланы сөз етсек әрине бірінші болып ойымызға Алматы облысы түсетіні анық. Өйткені Қаскелең Алматы облысындағы, Қарасай ауданына қарайтын қала. Ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Ал қаланың тарихына көз салар болсақ, Қаскелең қаласы қарлұқтар заманында (7 – 9 ғ.ғ.) Жетісуда салынған қоныстардың бірі екен. Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жерлерге қоныс тепкен деседі.
1218 жылы моңғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратты. 1847 жылдан бастап Жетісуда өзінің бекінісін сала бастады. Осыған байланысты 1861 жылы Қаскелең қонысының орнына қаланың негізі болған казак-орыс станицасы салынып, алғашында "Любовный", 1901 жылдан Қаскелең аталды.
"1958 – 97 жылдапы көкөніс-сүт бағытындағы Ленин кеңшарының орталығы болып келді. Қаладағы 9 құрылыс мекемесі, баспахана, т.б. кәсіпорындар 1997 жылдан меншік түрін өзгертіп 5 ӨК-ке, 6 ЖШС-ке айналды. Сонымен бірге 450-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.
Қаскелең қаласында республикалық және облыстық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Қалада: Қаскелең оқу-өндірістік комбинаты, қалалық баспахана, мемлекеттік “Водоканал” коммуналдық кәсіпорны, “Жер астын зерттеу институты” мемлекеттік кәсіпорнының бөлімшесі, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, “Сарыарқа” емдеу-сауықтыру орны, қалалық аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт (Әйтей ауылында), т.б. мекемелер жұмыс істейді. Оқу-ағарту саласы бойынша Қаскелеңде мәдениет колледжі, мәдениет үйі, музей, 7 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, 10 кітапхана бар" — бұның бәрі Қаскелең қаласы жайлы ақпараттар болатын.
Жоғарыдағы айтылып өткен ақпараттарға назар аударар болсақ Қаскелең қаласының қазіргі таңда өсу жолында үлкен күш жұмсалып жатқандығын байқаймыз. Ия, алдағы уақытта Қаскелең қаласының әлі де қанатын кеңге жаятынына сенімдімін. Өйткені қала даму үстінде, әлі де дами береді. Халқының саны да жыл өткен сайын артып, жаңа қоныстар салынып, қалада әдемі үйлер қатары көбеюде.
Ия, бұл Қаскелеңім, Қаскелеңіме қараңыз, келініңіз, көріңіз күндіз шуақты, күн нұрын шашатын, түнде жұлдызы жарқырап, айы жымыңдасатын осы Қаскелең қаласы, ауасымен тыныстаңыз, қыдырыңыз, өкінбейсіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу