26.12.2024
  179


Автор: Қаскелең қаласы

Қаскелеңім бұл менің!

Қаскелеңім бұл менің! Алматы облысына қарайтын Қарасай ауданындағы қалам осы Қаскелеңім. Қаскелең қаласында туылғандықтан қаланың әрбір тасы, әрбір жері, әрбір қадам басқан сайын бойыңа қуат беретін Қаскелеңнің топырағы маған ыстық, жаныма жайлы. Мен қаламды жақсы көремін. Қаскелеңім жайлы жақсы әңгіме айтылып жатса жаным жадырап сала береді. Ал Қаскелең жайлы жаман, өсек сөз айтылып жатса жаным ауырып, сол отырған жерімнен тұрып кетемін. Өткені, әрбір адам өз туған жерін жақсы көріп, туған жері туралы жақсы сөз естігісі келеді емес пе?! Мен де солай, Қаскелең жайлы тек жақсы сөз естігім келеді. Жақсы сөз айтылып жатса бір марқайып, қуаттанып қаламын.
Қаскелең қаласы аудан орталығы, яғни Қарасай ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Құрылған уақыты 1960 жылы. Ал қала статусына 1963 жылы ие болған қала. Қала тұрғындарының саны 2023 жылғы халық санағы бойынша 82379 адам болып отыр. Ия, бұл менің Қаскелеңім! Қаскелеңіммен мақтанамын. Алда әлі талай асуларды бағындыратынына да сенімдімін. Шынымды айтсам, қаладан сәл алыс шықсам қаланы сағынамын. Ал қаланың өзінде жүрсем тынысым ашылып, шаттығым еселене түседі. Осы шығар, туған жердің шарапаты деген. Туған жерде жүріп бақыттың базарында жүргендей ерекше бір күй ккшесің.
О, туған жер! Бақытым да байлығым да сен! О туған жер, ай күнім де, жай күнім де сен! Жұлдызым да, құндызым да сен! Мен бақытты балаңмын тек өзіңде жүрсем, Қаскелеңім менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу