Эсселер ✍️
Қаскелең қаласы
Қаскелең қаласы — Алматы облысына жататын, Қарасай ауданындағы қала. Сонымен қатар Қарасай ауданының әкімшілік орталығы.
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 95 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 24 км жерде, Қаскелең өзені бойында орналасқан Қаскелең қаласының аумағы 5,31 км² ды құрайды.
Тарих беттеріне үңілер болсақ Қаскелең — қарлұқтар заманында (7 – 9 ғ.ғ.) Жетісуда салынған қоныстардың бірі болып табылады екен.
Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жерлерге қоныс тепкен. 1218 жылы моңғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратқан деген деректер бар.
Қаскелең қаласы расында да малға қолайлы, егіншілікке де ыңғайлы қала болған. Қазіргі таңда жаңа қоныс, жаңа үйлер салынып қаланың аумағы үлкейіп, қала көріктенуде. Бұл әрине көңілге қуаныш ұялатады.
Қаланың бұрынғы атауларына келер болсақ
1902 жылға дейін «Любавинская» станицасы
1918 жылға дейін «Қаскелен» станицасы
1929 жылға дейін «Троцкое ауылы» деп аталған екен.
2023 жылғы санақ бойынша қала тұрғыны 82 379 адамды құрап отыр. Бұл сан әлі де жаңа көбейген көрсеткішке ие болатынына кәміл сенімдімін. Бұл әрине Қаскелең қаласы жайлы азды көпті кішкене ғана мәліметтер болатын. Алдағы уақытта Қаскелең қаласының етегі кеңге жайылып, қалада ұлан асыр той болатынына бек сенімдімін! Қаскелең, тек қана алға!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇