13.12.2024
  171


Автор: Арыс қаласы

Арыстағы оқдәрі қоймасындағы жарылыстар

Сол күн есімізге түссе жанымыз ауырып, әлі күнге дейін жүрегіміз дүрсілдеп, сағымыз сынады. Ия ол күн ұмытылмас күн еді. Оны ұмыту мүмкін емес еді. Ол күн 24 маусым 2019 жылы болатын. Бұл Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімде жарылыс болатын. Елімізді дүр сілкіндірген кең ауқымда болған жарылыс. Қаншама ауыл тұрғындары зардап шекті десеңізші. Ойлай қалсақ қазірдің өзінде жай-күйіміз нашарлап, көңіліміз түсіп кететіні анық.
Жарылыс болған сәтте Арыс қаласы төтенше жағдай орын алу салдарынан (Әскери бөлімше де жарылыс) қала эвакуациялық жабық болды. Арыс қаласына бүкіл елдің өзге де қала тұрғындары жандарын қоярға жер таппай, Арыс қаласысы үшін алаңдаушылық танытты. Барлық тұрғындар мен зардап шеккендер қауіпсіз орындарға көшіріліп, қаланың көп тұрғындары Шымкентке эвакуацияланды. 3 адам қайтыс болған, 89 адам ауруханаға жатқызылған. 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған.
Ия, мұндай жағдайды еске алудың өзі қорқынышты. Ойлай қалсақ қазірдің өзінде жанымыз ауырып, көңіліміз түсіп, көзімізге жас келіп, еріксіз мұңға батамыз. Қолдан келер қайран жоқ, солай емес пе?!
Ендігі біздің тілегіміз мұндай жарылыстар елімізде болмаса екен, қандай қала болмасын оқ дәріге аса мұқият болып, ел тынышын сақтаса екен. Еліміз тыныш жұртымыз тыныш болсын! Бай, қуатты болайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу