Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.12.2024
108
Балқашымның әр таңы таңғажайып
Балқашымның әр таңы таңғажайып,
Жанымызға бар жылуын беретін.
Маңызы бар облыстың қаламыз бұл,
Біздерге деп күн шуағын төгетін.
Балқашымның әр таңы таңғажайып,
Балқаш көлім баурап алар өзіне.
Балқашыма келсеңіздер қыдырып,
Жүресіздер қуанышты сезіне.
Балқашымның әр таңы таңғажайып,
Жадыратар жаныңызды әрдайым.
Қазағым көп мекендейтін қалам бұл,
Емін-еркін жүретұғын жоқ уайым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇