Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.11.2024
350
Гурьев болған қала бұл, Батыстағы
Гурьев болған қала бұл, Батыстағы,
Атырауым, облыстың орталығы.
Атыраулық тұрғындар сыйласатын,
Ынтымақта шығатын ортақ үні.
Гурьев болған қала бұл, Батыстағы,
Жайық болып тербелген толқындары.
Жақсы көрем, сүйемін Атырауым,
Бұл бір балаң жақсыға талпынады.
Гурьев болған қала бұл, Батыстағы,
Мұнай, газдың мекені, білсеңіздер!
Қуанамын Атырау тұрғындары,
Күліп-ойнап күн сайын жүрсеңіздер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇