Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.11.2024
321
Атыраудың облысы, қаласы бар
Атыраудың облысы, қаласы бар,
Көркемімен баурайтын даласы бар.
Тұрғызылған ол Гурьев қамалы боп,
Жайық өзен толқынды, жағасы бар.
Атыраудың облысы, қаласы бар,
Елін сүйер патриот баласы бар.
Мұнай, газдың білеміз мекені сен,
Жарқыраған сай менен саласы бар.
Атыраудың облысы, қаласы бар,
Ақындары, жазушы данасы бар.
Құрметтейтін үлкенді, кішісімен,
Елге сыйлы, қадірлі ағасы бар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇