Өлеңдер ✍️

  22.11.2024
  108


Автор: Атырау қаласы

Атырауым бұл менің Батыстағы

Атырауым бұл менің Батыстағы,
Тұрғызылған басында қамал болып.
Орталығы Атырау облысының,
Көркейген ол тыныш зор, заман болып.

Атырауым бұл менің Батыстағы,
Жайығыммен тербелген әр күн сайын.
Бензин, газдың мекені қалам осы,
Жарқыраған жұлдызым, күн мен айым!

Атырауым бұл менің Батыстағы,
Алыс кетсем қаладан сағынатын.
Сенде туып, өзіңде өсіп-өнген,
Мен балаңмын қасыңнан табылатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу