Өлеңдер ✍️

  22.11.2024
  140


Автор: Атырау қаласы

Атырауым сен менің

Атырауым сен менің,
Жадырайтын жазым бар.
Кейде өкпелеп өзіңе,
Айтатұғын назым бар.

Атырауым сен менің,
Сары алтындай күзім бар.
Жайғыммен тербелген,
Ең көрікті жүзің бар.

Атырауым сен менің,
Ақ ұлпа қар, қысым бар.
Көктемім бар ғажайып,
Бар жақсысын ұсынар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу