Эсселер ✍️

  19.11.2024
  320


Автор: Ақтау қаласы

Ақтау порты мен мәдениеті

Әуе порты мен теңіз портын құрайтын Ақтау қаласындағы Ақтау теңіз порты Каспийдің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз теңіз порт болып табылады. Халықаралық деңгейде тасылмалдау барысында аты әйгіленген Ақтау қаласы расында да біздің мақтанышымыз. Мұнай мен газдың мекеніне айналған, мұнай мен газды халықаралық тұрғыда тасымалдайтын Ақтау қаласы еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі десек қате айтқанымыз болмас.
Енді қаланың мәдениетіне бет бұратын болсақ, «Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар бар. Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары баршылық. .
Жастар мен отбасыларға немесе мерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне "Ақтау", "Ардагер", "Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді атауға болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: "Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.»
Міне, осындай көрнекілікке ие болған Ақтау қаласына қыдырып барудың өзі бір бақыт, солай емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу