Эсселер ✍️

  19.11.2024
  188


Автор: Ақтау қаласы

Маңғыстауым, Ақтауым

Маңғыстау облысының (бұрынғы атауы Маңғышылақ облысы) орталығы, Каспий теңізінің шығысында орналасқан. 1961-1964 жылдар аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталған. Өнеркәсіптік қала. Қалада өнеркәсіп жоғары деңгейде дамыған дей аламыз. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылады.
Сонымен қатар кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомол, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
Міне, осындай кен орындарының мекені атанған Ақтау қаласының бас жоспары 1968 жылы бекітіледі. Әрбір істерін жоспарлы түрде орындап отырған Ақтау қаласының құрылыс компаниялары өз істеріне аса ұқыптылықпен қарап, қаланың өсіп өркендеуіне жол ашты десек болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу