Шығармалар ✍️
Ақтау қаласы
Ақтау қаласы — Маңғыстау облысының орталығы болып табылатын Қазақстанның оңтүстік батысындағы қала. Қалада теңіз және әуе порты бар,бірақ пойыз жол вокзалы жоқ,пойыздар Маңғыстау станциясына тоқтайды. 1961 жылы құрлылған қаланың бұрынғы атауы Шевченко болып табылады. Ал 1963 жылы қала статусы берілген қала. Жер аумағы 30км ді құрайды. 2024 жылғы санақ бойынша халқының саны 283 539 адам. Олардың 79,40 % қазақтар, орыстар 15,7 пайызды, әзірбайжандар 2,89 пайызды құрап отыр.
Маңғыстау жерінің орталығы Ақтау қаласының шығысында Каспий теңізі бар. Ақтау қаласына барған адам каспий теңізіне бармай қайтпайтыны сөзсіз. Ақтау қаласы несімен ерекшеленеді десе, осы Каспий теңізімен ерекшеленеді деп мақтанышпен айта алады.
Ия, расыменде Каспий теңізінің толқындарымен біте қайнасқан Ақтау қаласының тұрмыс-тіршілігін елден ерекше дей аламыз. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне "Шевченко" аталған Ақтау қаласы өндірістік қала, мұнай және газ өндіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇