Баталар ✍️

  10.11.2024
  2644


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Aq bata

Бисмилляһ деп басталар бата деген,
Бата алғанның ақ таңы атады екен
Тек Алладан сұраған нығмет ғана,
Иман толы жүректе жатады екен.

Қазағымның қазанын тойға қайнат,
Шаңырағын ұрпақпен жадырат жайнат.
Бай қуатты сәулет бер әулетіме,
Берекеңді беріп қой дәулетіме..

Әкелерді аманат ет,жан жарымен,
Ағайынды аман ет жан жағымен.
Бауырларға бергейсің мейірімді,
Алла өзі кең етсін пейіліңді.

Берекелді еткейсің тапқандарын,
Екі өмірде сөнбесін жаққан бағың
Жолы болсын жолаушы болған жанның,
Һайырымен қуантсын атқан таңым!!!Әмин




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Раяна
Раяна 12.03.2025 20:23
Әмин
Каусар
Каусар 01.03.2025 20:33
Əуминь аитқаныңыз келсін

Пікір жазу