Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.11.2024
114
Кентауым бұл қараңыз
Кентауым бұл қараңыз,
Жасыл-желек бағы бар.
Кенді қала, даламыз,
Алыс кетсек сағынар.
Кентауым бұл қараңыз,
Орын алар жүректен.
Жұлдыз болып жанамыз,
Жақсылықты түлеткен.
Кентауым бұл қараңыз,
Нұр төгілген жүзінен.
Сенен қуат табамыз,
Қадам басып ізіңнен.!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇