Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  189


Автор: Омархан Алтынбекұлы

МҰҚАҒАЛИ АҒАМЕН СЫРЛАСУ

 


Ақын аға , қуат беріп жырларың,
Ұрпағыңа ұқтырдың -ау жыр мəнін.
Сенің бізге мұра етіп қалдырған ,
Сая болды ақындарға жыр -бағың.


Дос табылмай жігітінен сол шақтың,
Нала болып өзіңді-өзің шаршаттың,
Сыр бөлісер жан болмастан жаныңда ,
"Жас қайың" мен "Фаризаға" , мұң шақтың.


Сені іздейді, күңіреніп Қарасаз,
Сені іздейді, ұшып өткен аққу -қаз.
Сені іздейді дариғалап домбыраң,
Бұл өмірге айтқандай ма өкпе наз ?!


Жыр толқының бергендейме , сезім леп ?!
Қасқа бұлақ жатыр аға сені іздеп.
Айқайтасың айқайлайды жаңғырып,
"Мұқағали, Хан тəңірмен егіз", -деп !


Жылда жатыр туған күнің тойланып,
Ақындарым жырдан шекпен сайланып.
Жас ақындар жырдан шашу шашуда,
Босағаңа жыр пырағын байланып.


Жырларыңа ғашық жандар, сезіне,
Əлі күнге жас алады көзіне.
Ақын аға əруағыңа бағыштап,
Жырымменен дұға арнаймын өзіңе !


**
P.S. Дəл кəзіргі заман басқа ақын аға,
Өзің деп күңіреніп жатыр дала.
Райымбектей алыптың ұрпағысың,
Əруағы қолдап жүрсін батыр баба !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу