Эсселер ✍️
Қазіргі Петропавл бейнесі
Солтүстіктің Қазақстан облысының орталығы — Петропавл қаласысының қазіргі таңдағы бет-бейнесі ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналған. Қаланың өзінде 174 кәсіпорын жұмыс жасайды екен. Атап айтар болсақ оның ішіндегі ірі кәсіпорындары: «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, «Сұлтан», «Тонус» т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ал білім жағына ойысар болсақ, жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, Петропавлда 3 театр, филармония, 3 мұражай, 3 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. 3 телерадиокомпания жұмыс істейді.
Осындай тыныс тіршілігі қайнап жатқан Петропавл, Қызылжар қаласында Есіл өзенін есетін самал желдей қалаға тән, барған жанды баурап алатын тұстары көп Петропавлмен мақтана аламыз. Қазағымның қарқынды дамушы қалаларының бірі деп білеміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇