Өлеңдер ✍️

  02.10.2024
  93


Автор: Қостанай қаласы

Қостанайым сен менің

Орталығы облыстың,
Қостанайым сен менің.
Еркелетіп сен бізді,
Самалыңмен тербедің.

Орталығы облыстың,
Қостанайым ақ ордам.
Сенсің менің мекенім,
Таусылмайтын бақ қонған.

Орталығы облыстың,
Қостанайым шаттығым.
Сеніменен өтеді,
Қуанышты, сәтті күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу