25.09.2024
  188


Автор: Сүндет той

Мұсылманмын қараңыз

Мұсылманмын қараңыз,
Үлкен болды балаңыз.
Сүндет тойда бүгін біз,
Жұлдыздай боп жанамыз!

Мұсылманмын қараңыз,
Әр күннен бақ табамыз.
Ата-әженің әрдайым,
Ақ батасын аламыз!

Мұсылманмын қараңыз,
Әсем әнге саламыз.
Қыркүйектің біріне,
Мектепке біз барамыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу