Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2024
217
Өтеді бәрі кетеді...
Өтеді бәрі кетеді,
Келмейді уақыт кешегі.
Сүрініп тайы біреудің,
Біреудің озар есегі.
Болмағанға өкінбе,
Бәрінің бар есебі.
Басына түскен сынақты,
Адамның бәрі кешеді,
Жанып тұрған алауда,
Уақыты жетсе өшеді.
Алатаудың қары да,
Даулы тұрса көшеді.
Қуарып тұрған бақтың да,
Гүлдері талай өседі.
Биіктен түскен судың да,
Тамшысы жерді теседі.
Шығыстан шыққан күннің де,
Батыстан желі еседі.
Адамның ерер соңынан,
Ақиқат пен өсегі.
Біреудің бағы ашылмай,
Біреудің бағы бес елі.
Осының бәрі пендеге,
Берілген сынақ деседі.
Бекерге іштей мұңайма,
Тағдырды тапсыр Құдайға,
Мейірімі шексіз Жаратқан,
Бәрінде өзі шешеді..
Келмейді уақыт кешегі.
Сүрініп тайы біреудің,
Біреудің озар есегі.
Болмағанға өкінбе,
Бәрінің бар есебі.
Басына түскен сынақты,
Адамның бәрі кешеді,
Жанып тұрған алауда,
Уақыты жетсе өшеді.
Алатаудың қары да,
Даулы тұрса көшеді.
Қуарып тұрған бақтың да,
Гүлдері талай өседі.
Биіктен түскен судың да,
Тамшысы жерді теседі.
Шығыстан шыққан күннің де,
Батыстан желі еседі.
Адамның ерер соңынан,
Ақиқат пен өсегі.
Біреудің бағы ашылмай,
Біреудің бағы бес елі.
Осының бәрі пендеге,
Берілген сынақ деседі.
Бекерге іштей мұңайма,
Тағдырды тапсыр Құдайға,
Мейірімі шексіз Жаратқан,
Бәрінде өзі шешеді..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇