14.08.2024
463
Құтты болсын тойларыңыз!
Құтты болсын бүгінгі үйлену тойларыңыз! Екі жас бақытты болсын! Жұптары жазылмай, екі жаққа да сыйлы болсын! Үй ішінен тігіп отырған отаулары қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Бүгінгі той тойға ұласып, шілдехана бесік тойға жалғаса берсін! Қос аққудай көк айдында бірге жүзе берсін! Жолдары ашық болсын! Дастархандарыңыз осындай тойға жайыла берсін! Әулетте той болсын! Жаратқан иеміз тойдан кемде қылмасын! Ағайын, туыс бауыр, құда-жекжаттарымыз аман болып, тойға барайық, тойда жүздесе берейік! Жас отаудың іші сәби үніне тола берсін! Бар жақсылық бола берсін! Тойларыңыз тағы да құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇