04.08.2024
  243


Автор: Мұхтар Шерім

ИНТЕРНЕТТЕГІ "ИТТЕР!"

 


 


 


Ақын болғым келеді. Бірақ ақын емес, қатын болдым...Сәл дөрекілеу кеттім ғой деймін... Өзбектер "қатын" дей береді әйелдерін. Менің атым--Пістегүл, фамилиям-- Стақанова. Сонда бір стақан пісте болады да...


Ақын болғым келеді. Бірақ жаза алмаймын. Сосын Мұқағали ақынның бір өлеңін көшірдім де, "Бұл біз ғой" атты әдеби сайтқа салып жібердім. Қуанғаным-ай! "Өлеңім" жарияланыпты! Мұқағали тірі болғанда, екеуміз бірге қуанар едік! Ол кезде интернет болған жоқ емес пе? "Өлеңімнің" соңындағы пікірлерді оқып, өріп қойған шашым тарқатылып кетті. Шетінен данышпан! Шетінен ақыл айтқыш! Әрине, тасада тұрып алып, шетінен батыр!       Шетінен бәдік! Қатын менен жаман! Сол пәтуәсіз пікірлерді назарларыңызға ұсынайын:


Бірінші пікір: Пістегүл! Өлеңің өлең емес! Сен одан да базарға барып, пісте сат! Поэзиялық леп жоқ!


Сәлеммен, Ауф-ауф.


 


Екінші пікір: Атаңа нәлет-ау, басыңды асфалтқа мыжып тастау керек сенің! Өлең жазғанша, күйеуіңнің қасында тыр-тыр қасынып жатпайсың ба? Мынау не? Өлең бе? Тақпақ па? Бесінші сыныптың оқушысы жазған шимай-шатпақ!


 


Көктөбет.


Үшінші пікір: Көктөбет, мен саған қосыламын. бұл қатынды атып тастау керек. О, шешең...


Алыпсоқ. Төртінші пікір: Не болып кетті сендерге? Әйел ақынды сыйламайсыңдар ма? Осылай дөрекі пікір жаза ма екен? Иттің балдары-ау, шошқа екенсіңдер ғой!


Ауф-ауф. Бесінші пікір: Ауф-ауф, сен поэзияны нашар біледі екенсің ғой! Бұл өлең керемет жазылыпты! Ұйқастары ұйып тұр!


Ыр-р-р...


Алтыншы пікір: Қай жері керемет! Жазған соң, Мақатаев сияқты жазу керек қой!...Оның әр өлеңі классаика!


Күшкә-күшкә.


Жетінші пікір: Сен нашар өлең жазып қартаятын болдың, Пістегүл! Ұйқастары қатты ұйқасып кеткен екен.


 


Итбас.


Сегізінші пікір: Жігіттер, темекілерің бар ма?


 


Шылымбек.


Тоғызыншы пікір: Қандай адамсың? Интернет арқылы темекі сұрағаны несі?


 


Насыбайұлы.


Міне,     "данышпандардың    "пікірін"     оқыдыңыздар,    айтыңыздаршы, көңілдеріңізге нені алып, нені тоқыдыңыздар? Біреуі Мұқағали өлеңін танымады. Классикті мойындамай жатқандар, мені қалай мойындасын!


 


Құрметпен: Пістегүл СТАҚАНОВА.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу