24.05.2024
  75


Автор: Халықаралық аспаздар күні

Аспазшылар күні бұл

Аспазшылар кәсібі бір қарағанда оңай, маңызы жоқ кәсіп болып саналғанымен Аспаз болудың өзі ұлкен өнер дер едім. Өзінің шын жүрек қалауымен сүйіп ас дайындамаса пісірген астары адамның көңілінен шығады деп ойламаймын. Айтып жатады ғой, үлкен апаларымыз бен әжелеріміз, асты үлкен махаббатпен, сүйіспеншілікпен дайындау керек деп. Сол сияқты қандай да мамандық иесі болмасын өз істерін сүйіп, жақсы көріп орындамаса олардың жасап жатқан істерінен түк шықпайтыны анық. Сол сияқты ас дайындаудың қыр сырына қанық болып, ас дайындаса ол маман иесі үлкен сұранысқа ие болатынын айтпасақ та білеміз ғой.
Жалпы Аспазшылардың жасап жатқан еңбектері елден ерекше, басымдау болатынын білеміз, біле тұра олардың еңбегін жоғары деңгейде бағалап жатырмыз ба?! Жооқ, олай емес, Аспазшылар көбіне елеусіз қап қоятын мамандар. Оларға деген көңіліміз тек Аспазшылар күнінде, не болама кафе аралық, ресторан аралық жарыс, байқауларда көрінеді, солай емес пе? Енді көз алдымызға елестетіп көрелікші, әлем бойынша Аспазшылардың барлығы бір себептермен жұмысқа шықпай қойды деп, сонда халықтың жағдайы не болады, жалпақ тілмен айтқанда, аштан қаламыз ғой, солай емес пе?!
Ас адамның арқауы демекші, деніміз сау болсын десек әрбір асты уақытылы ішейік, асты уақытылы ішуді қаласақ Аспазшыларға көңіл бөліп, ас дайындайтын үйдегі аналарымыз бен әпке, қарындастарымызды қадірлеп, аялай білейік! Солай ғой!
. 20 қазан күні келетін Халықаралық Аспазшылар күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аспазшылар жасай берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу