Эсселер ✍️

  07.05.2024
  38


Автор: Халықаралық архив күні

Архившілер күні

Халықаралық архив күні әр жылдың 9 маусымында аталып өтілетін болса, Қазақстанда архившілер күні 2020 жылы Үкіметтің қаулысымен 22 желтоқсан деп бекітілген. Сондай-ақ, көршілес елдерде архившілер күні әр елде әр түрлі уақытта атап өтеді. Мысалы: Ресейде 10 наурызда архив күні болса, қырғыз елінде 30 тамызда, беларусь елінде 6 желтоқсанда атап өтіледі.
Жалпы архив деген сөздің мағынасына тереңінен үңілер болсақ, архив бұл белгілі тұлғалардың өткен өмір жолдары мен түрлі құжаттарды , күні мен айы, жылы барлық керекті маңызы бар күндерді сақтайтын мекеме. Бір құжатты іздесең де, басқа да мәліметтерді іздесең де архивте сақталары анық. Мысалы, бір сәби өмірге келсе, салмағы, бойы, барлығы туылған күні, сағатына дейін жазып, тіркеп қояды. Бұл мәліметтер метірке алса да, төл құжат алса да осы архивтегі мәліметке қарап алады. Сондықтан, архив саласында қызмет ететін мамандардың жасап жатқан қызметтерінің маңызы өте зор екендігі айтпасақ та белгілі дүние деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу