Эсселер ✍️
Бұл біздің Қазақстан
Бауырмалдығы жеті қырдан алыс жерден білініп тұратын, Құдайы қонақпыз деп келген адамдарын есік алдында тұрғызып қоймайтын, жетімі мен жесірін жылатпаған, қамқор қазақ әрбір жанға деген құрметі мен сыйластығын құлатпаған, елімізде тұратын өзге де ұлт өкілдеріне деген достастықтары жоғары, ынтымақ пен бірлікті нығайту жолында, мұқтаждарға көмек беру үшін қолынан келген барлық жағдайды жасайтын ия, бұл біздің Қазақстан. Қазақстан еліміз құшағы бар ып- ыстық, Қазақстан жеріміз бауырмал жан барлығы. Түрлі ұлттар ішінде достастықты сақтайтын, Қазақстан бұл біздің мекеніміз туған жер.
Ия, біз көпұлтты мемлекетпіз. Осы кезге дейін елімізде Тілдер мерекесі 22 қыркүйек күні тойланып келсе, 2017 жылдан бастап бұл Тілдер мерекесі 5 қыркүйекте тойлануда. Бұған басты себеп десек те болады, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов атамыздың туған күні дәл осы 5 қыркүйек болатын. Елімізде қазақ тілінің қарыштап дамуына үлкен үлесін қосқан, ұлт жанашырының туған күнімен сәйкестендіріп қойылған Тілдер мерекесінің расында да маңызы зор десем қате айтқаным болмас.
Бұл мерекенің негізгі мақсаттары:
қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту.
Міне, Тілдер мерекесінің басты мақсаты осындай болып келеді. Бір сөзбен айтар болсақ әрбір Қазақстан халқы, Әрбір Қазақстан ұлты өз ана тілі мен мәдениет, әдебиет, салт-дәстүрлерін қалай құрметтесе, мемлекеттік тіл қазақ тілін де солай құрметтеп, оның насихаттау жолында аянбай еңбек етсе біздің елдің іргесі берік болары сөзсіз.
Ендеше, ынтымақ бірлігіміз артып, еліміздің даму жолында бірге қызмет ете берейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇