Шығармалар ✍️
Татулықтың мерекесі
5 қыркүйекте тойланатын Қазақстан халқы тілдер күні елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт арасындағы достастық пен сыйластықты айқын көрсететін мереке. Бұл қазақ елінің өзге ұлт өкілдеріне бауырмалдықпен қарауының арқасы деп білемін. Өздеріңіз білетіндей қазақ жерінде мекендеген өзге ұлт өкілдері өздерін ешқашан жат сезінген емес. Біздің еліміздің оларға деген құрметі ұшан теңіз десек қате айтпағанымыз болар. Қазақ жерінде 130 дан аса ұлт өкілдері өмір сүрсе олардың өз ана тілдері мен салт-дәстүрлері, ұлттық киімдеріне ешқандай шектеу қойылған емес. Мемлекеттік тіл қазақ тілі, ал орыс тілі құжат толықтыруда қазақ тілімен қатар жүретін тіл болып табылады. Ал қалған ұлттардың ана тіліне деген құрмет ешқашан тоқтамаған елімізде 5 қыркүйек «Тілдер күні» мерекесін тойлатып, елімізде тұрған өзге ұлттарға қырметі мен сыйластығын осылай көрсете білген. Дәл осы күні түрлі іс-шаралар өткізіліп, мерекелік іс-шара үлкен тойға ұласып отырған.
Ынтымақ пен бірлікті айқын көрсететін бұл мереке Республика бойынша кеңінен аталып өтіледі. Мұндағы басты мақсат түрлі ұлт өкілдері арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайту мен оларға деген үлкен құрмет болып табылады.
Ендеше, бүгінгі келіп жеткен 5 қыркүйек татулықтың мерекесі, Тілдер күні құтты болсын! Ынтымақ пен бірлігіміз артып, Қазақстандық ұлт өкілдері бір халық болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырықтай болып іс жасай берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter