Эсселер ✍️
5 қыркүйек Тілдер мерекесі
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы, әсіресе біздің қазақ ұлтымыз өте қонақжай халықтар емес пе. Түрлі жағдайларда қазақ жеріне қоныс аударып, біздің елді мекендеген, туылғаннан біздің елдің азаматы болған көптеген ұлт өкілдері бар. Біздің еліміз оларды ешқашан шеттетіп, оларға сыни көзбен қараған емес. Олар біздің еліміздің азаматы мен азаматшалары. Тіпті кейбір өзге ұлты қазақ тілінде анық сөйлеп, қазақ тілінде өлең жазып, қазақ тілінде ән айтады. Олардың біздің елімізге сіңісіп кеткені сондай олар өз туған жерін, өз еліміз деп Қазақстан елін айтады. Қазақстанның атынан түрлі жарыстарға қатысып көптеген биіктерді бағындырып, еліміздің көк туын желбіретіп жүрген жайлары бар. Ия, бұл біздің Қазақстан. Өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан, оларға пана болып, олардың алға бастап дамуына жол салған біздің дархан жүректі еліміз деп айта аламын.
Елімізде тілдер мерекесі 5 қыркүйекте аталып келеді. Бұған дейін 1989 жылы 22 қыркүйек күні елімізде «Тілдер туралы» заң шыққан болатын. Осы заңның қабылдануына байланысты 1998 жылдан бастап 22 қыркүйекте алғаш рет «Тілдер» мерекесі тойлана бастады. Кейіннен бұл Тілдер мерекесі 2017 жылы күз айында Үкімет қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл күні, яғни 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні болатын. Содан 2018 жылдан бері 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні болып тойланып келеді.
Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа, тұс келетін Қазақстан халқы тілдер күні құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇